Жапония Қазақстанның бұрынғы елшілерін марапаттады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Жапония Үкіметі Ұлы Мәртебелі Император Нарухитоның атынан Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдиновты және Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевты «Күншығыс, Алтын және Күміс Жұлдыз орденімен» марапаттады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Жапония Сыртқы істер министрлігінің сайтында отандық дипломаттардың Қазақстан мен Жапония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және достықты тереңдетуге қосқан үлестері үшін марапатталғаны атап көрсетілген.
А. Камалдинов 2007-2016 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшісі, 2016-2018 жылдар аралығында Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Е. Баударбек-Қожатаев 2016-2021 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшісі болып, 2017-2021 жылдар аралығында Жапонияның Токай университетінде шақырылған профессор қызметін атқарған.
Марапатталған дипломаттар жапон және ағылшын тілдерін меңгерген.