Әлем
1 мин оқу 321

Нигерде ұлттық аза тұту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Африка елінің тұрғындары екі күн бойы Малимен шекаралас Адаб Баб ауылында 2 қарашада болған қанды лаңкестік әрекеттің 69 құрбанын еске алады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нигер Ішкі істер министрлігінің басшысы Алкаче Альхаданың айтуынша, қаза тапқандар арасында Бани-Банги ауданы әкімшілігінің басшысы да бар.

Шабуыл Бани-Бангу әкімшілігі делегациясының Адаб-Баб ауылына сапары кезінде жасалған. Қаза тапқандар арасында ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жасақшылар да бар.

Бұған дейін Human Rights Watch (HRW) үкіметтік емес ұйымы 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында Нигердің Мали және Буркина-Фасомен шектесетін аймақтарында тоғыз теракт жасалғанын, соның салдарынан 420 бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлаған.

Бөлісу:
Нигерде ұлттық аза тұту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар