Ауыр атлетика
1 мин оқу 337
Чиншанло мен Сон ел чемпионатына қатыспайтын болды
<p style="text-align: justify;">Ертең Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық құраманың көшбасшысы атануға үмітті спортшылардың басым көпшілігі сынға түсетін ішкі чемпионатқа Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон қатыспайды.
Бапкерлер штабы ақылдаса келе аталған Олимпиада ойындарынан кейін аттары аталған спортшыларға демалыс бергенді жөн көрген.
Ел чемпионатының қорытындысы ұлттық құраманы жасақтағанда ескеріледі. Сондай-ақ осы жарыс кезінде ұлттық құраманың жаңа бас бапкері таныстырылады деп жоспарлануда.
Бөлісу: