Елорда
1 мин оқу 402

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарына «жасыл» статусы бар адамдар ғана кіре алады

<p style="text-align: justify;">Елордадағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау және коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу үшін&nbsp;8 қарашадан бастап&nbsp;сауда ойын-сауық орталықтарына енді жұмыс күндері де &laquo;жасыл&raquo; мәртебесі бар азаматтар ғана бара алады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарына «жасыл» статусы бар адамдар ғана кіре алады

Әкімдік мәліметінше, талдау нәтижесі бойынша, үй карантинін бұзушылардың ең көп саны дәл осы сауда ойын-сауық орталықтарында тіркелген. Сауда ойын-сауық орталықтары адамдар көп жиналатын және ұзақ уақыт болатын орын екенін ескере отырып, коронавирус инфекциясының таралу қаупі артады.

Сонымен қатар, көрші Ресейдегі және еліміздің солтүстік аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ қаладағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау және COVID-19 вирусының одан әрі таралуының алдын алу үшін СОО-ға бару шарттарын өзгерту бөлігінде шектеу іс-шараларын күшейту туралы мәселе қаралып жатыр. 

Биыл 8 қарашадан бастап қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда, яғни вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тесті болған кезде, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен асырмай және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар үшін жұмыс күндері және демалыс күндері СОО-ға кіру қолжетімді болады.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарына «жасыл» статусы бар адамдар ғана кіре алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар