Спорт
1 мин оқу 330
Қазан айының үздік спортшысы анықталды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтында қазан айының үздік спортшысын анықтауға арналған сауалнама нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазан айының үздігі атануға 7 спортшы үміткер болды. Олар: Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов (шорт-трек), Алмат Кебіспаев (грек-рим күресі), Жәмиля Бақбергенова (әйелдер күресі), Софья Берульцева, Мөлдір Жаңбырбай, Қайсар Алпысбай (каратэ).
Дауыс беру нәтижесі бойынша шорт-тректен Қазақстан командасының өкілі Денис Никиша топ жарды. Дауыс беру 7 қараша күні 12:00-де аяқталды.
Денис 73,45 пайызбен көш бастады. Оның ізін ала Жәмиля Бақбергенова мен Алмат Кебіспаев орналасқан.
Бөлісу: