Оқиға
1 мин оқу 191

Ақмола облысында газ жарылып, бір адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысының Целиноград ауданында газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан ер адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақмола облысында газ жарылып, бір адам қаза тапты

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін сағат 11:53 Қызылсуат ауылында болды. Анықталғандай, жеке тұрғын үй аумағындағы автономды газбен жылыту орнатылған жерде газгольдердің құдығын ашу кезінде газды-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан үй иесі - 1948 жылы туған ер адам сол жерде көз жұмды. Өрт болған жоқ. 

«Қазіргі кезде жарылыстың шығу себептері анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында ТЖД, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», делінген хабарламада.

Осы ретте, Ақмола облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Ақмола облысында газ жарылып, бір адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар