Аймақтар
1 мин оқу 336

Үржар ауданында жоғалған балықшының денесі табылды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үржар ауданында жоғалған балықшының денесі табылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушыларға Сасықкөл көлінде 23 жастағы балықшының жоғалып кеткені туралы хабар түсті.

Белгілі болғандай, ер адам 4 қарашада кешкі сағат 20.00-22.00 аралығында қайықпен балық аулауға шығып, сол күйі қайтып оралмаған.

«ТЖД қызметкерлері мен полицейлер балықшыны түн ортасына дейін іздегенімен еш нәтиже шықпады. 5 қараша күні оқиға орнына №17 өрт сөндіру бөлімшесінен 5 адам мен «КУНГ» автокөлігі жұмылдырылды. 6 қарашада Өскеменнен сүңгуірлер келіп жетті. Сол күні жағалаудан 1 шақырымдай қашықтықта мұз астынан балықшы қайығының бензин багы табылған», делінген ақпаратта.

Құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен тұрғындар бірлесіп жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде 7 қарашада судан ер адамның мәйіті табылды.

Бөлісу:
Үржар ауданында жоғалған балықшының денесі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар