Ақмолада газ-ауа қоспасынан үй иесі көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Ақмола облысында жекеменшік үйде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан үй иесі көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.instagram.com/aqmola_tjd/?utm_source=ig_embed&ig_rid=ee0e7f22-528d-4a46-9243-6fb903bf1136" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақмола ТЖД</a>-не сілтеме жасап.</p>
Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 7 қарашада Целиноград ауданы Қызылсуат ауылында болған.
Жеке тұрғын үй аумағында автономды газбен жылыту жүйесі орнатылған. Үй иесі даладағы газгольдер (газ сақтағыш) құдығын ашқан кезде газ-ауа қоспасы жарылған. Бірақ өрт шықпаған.
«Оқиға орнында 1948 жылы туған үй иесі көз жұмды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», дейді құтқарушылар.
Төтенше жағдайлар департаменті халықты қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға үндеді.