Әлем
1 мин оқу 380

Бетперде кигісі келмейтіндер төбелес шығарды

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Бостон қаласында бетперде киюге және вакцина қабылдауға қарсы топ антиковидтік шараларды қолдаушылармен төбелесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бетперде кигісі келмейтіндер төбелес шығарды

Деректерге сенсек, ондаған наразылық білдірушілер көшелерге шыққан. Олардың бұл әрекетіне қарсылық ретінде антиковидтік шараларды қолдайтындар да көшеден табылған. Тараптар арасында кем дегенде бір «жекпе-жек» орын алған. Жұдырықтаса жөнелгендерді полиция қызметкері ажыратуға мәжбүр болған.

Шеруді жүздеген полиция қызметкерлері бақылауға алғанын айта кеткен жөн. Қала тұрғындарының басым бөлігі коронавирустық инфекциямен күресті қолдайды. Халықтың 70 пайызы екпе алған.

Бөлісу:
Бетперде кигісі келмейтіндер төбелес шығарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар