Алматыда бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберген
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы «Латифа» тұрғын үй кешенінде қызды өлтіріп, артынан өртеп жіберген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралды.
Полиция департаменті кісі өлтіру фактісін растады.
«Аталған факт ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген және Медеу аудандық ПБ іс жүргізуде. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жеке басы анықталған күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде», деп атап өтті полицияда.
Сонымен қатар ПД жәбірленушінің жеңіл мінез-құлықты әйел екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
Қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталуда.