Білім
2 мин оқу 420

Балаларды қолдаудың жарқын үлгісі

<p style="text-align: justify;">Nazarbaev ortalygy балаларды дамыту мекемесінде Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған &laquo;Кім білгіш?&raquo; интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша жоғарғы сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған халықаралық турнирдің финалдық ойыны және марапаттау рәсімі өтті.</p>

Балаларды қолдаудың жарқын үлгісі

«Кім білгіш?» ойыны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті.

Шараға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орын­басары Әлкей Марғұланұлы және Мем­лекеттік тілді дамыту қо­ры­ның ди­ректоры Азат Шауеев қатысты.

Жобаның мақсаты – дарынды балаларды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту, оқушылардың мәдени және бі­лім деңгейін көтеру, сондай-ақ мек­теп оқушылары арасында бос уақыт­ты тиімді ұйымдастыруға ықпал ету.

Айта кетейік, «Кім білгіш?» турнирі 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Алдыңғы ойындардың қорытындысы бойынша турнирге еліміздің әр өңірінен 45 мыңға жуық жоғары сынып оқушылары қа­ты­сып, олардың 53-і «Жылдың ең ақыл­ды оқушысы» атағына ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқару­шы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы «Турнир­дегі жеңістеріңіз жеке дамудағы кезең­нің бірі. Сіздерге жарқын жеңіс­тер, өмірде білімді әрі табыс­ты болуға септігін тигізетін жаңа білім­ді меңгеруді тілеймін!», деді құттықтау сөзінде.

Турнир жазғы демалыс кезін­де екі кезеңде онлайн түрінде өтті. Жеңімпаз болған ойыншылар Нұр-Сұлтан қаласында өткен финалдық ойынға қатысты. Финалға ең көп ұпай жинаған 10 ойыншы шықты. Ойын барысында қатысушылар таңдалған тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, білгірліктің жоғары деңгейін көрсетті. Іс-шара балаларға бәсекелестік рухын сезінуге және білімдерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Осылайша, қазақ тілді ойыншылар арасында:

1-орынға Нұр-Сұлтан қаласы, №74 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Бақытжан Шекеров, 2-орынға Нұр-Сұлтан қаласы, №74 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Аяулым Кенжебекова, 3-орынға Нұр-Сұлтан қаласы, №2 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Мақсат Тілектес ие болды.

Орыс тілді ойыншылар арасында:

1-орынды Екібастұз қаласы, Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған көптілді ли­цейі­нің 10-сынып оқушысы Арғын Мысанов, 2-орынды Павлодар облы­сы, Ақсу қаласы, №4 орта мек­тебі­нің 10-сынып оқушысы Амина Бек­тасова, 3-орынды Ақтөбе қаласы, Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Анеля Изденова алды.

Финалға қатысқаны үшін ынталандыру сыйлығымен және «Жыл­дың үздік оқушысы» атағы­мен Түркістан облысы, Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қарақат Жүсіп, Шымкент қаласы, №37 Фурқат атындағы жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Нұржан Қоныс­бек, Түркістан облысы, М.Әуезов атындағы IT-мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Нұрайым Жол­тай, Түркістан қаласы, Н.Оң­дасынов атындағы Түркістан маман­дан­дырылған мектеп-интернаты­ның 11-сынып оқушысы Шұғыла Жарыл­қасын марапатталды.

Турнирдің жеңімпаздарына «2021 жылдың ең ақылды оқушысы» атты арнайы диплом мен ноутбук және смартфон сияқты бағалы сыйлықтар табысталды.

Бөлісу:
Балаларды қолдаудың жарқын үлгісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар