Аймақтар
1 мин оқу 320

Ақтауда жол апатынан 2 адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Ақтауда Mercedes жүргізушісі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға 8 қарашаға қараған түні 21.50 шамасында болған. Осы уақытта 102-ге 17-ші және 18-ші шағын аудандар арасындағы жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау түскен.

«Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Toyota Corolla автокөлігіне жол бермей, соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам оқиға орнында қайтыс болды. Зардап шеккен бір адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», деп хабарлады ведомстводан.

Қазір анықтаушылар оқиға орнында жұмыс істеуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Ақтауда жол апатынан 2 адам көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар