Жаңалықтар
1 мин оқу 252

«Қазпоштаға» қол сұққандар ұсталды

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы «Қазпошта» АҚ ақшасын ұрлағандар қолға түсті. Күдіктілер жоғарыда аталған өңірдегі «Қазпоштаның» арнайы бөлмесіндегі 9 563 182 теңгені ұрлаған. Ұсталғандардың екеуі де еш жерде жұмыс істемейді. Қазір құқық қорғау қызметкерлері олардың басқа да қылмысқа қатысы барын тексеру үстінде. Қылмыстық кодексте мұндай қылмысқа 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір айыпкерлер уақытша оқшаулағышта отыр. Жақын арада оларға қатысты сот процесі басталатын болады. Бақытбек КЕНЕШҰЛЫ.
Бөлісу:
«Қазпоштаға» қол сұққандар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар