Әлем
1 мин оқу 351

АҚШ бес жастан асқан балаларға вакцина сала бастады

<p style="text-align: justify;">АҚШ-та бес жастан 11 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцинация науқаны басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

РБК 8 қарашадан бастап АҚШ-та 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау науқаны басталғанын жазады. Оларға Pfizer-BioNTech вакцинасы егіледі.

АҚШ билігі 28 миллион балаға вакцина жеткізуді қамтамасыз етті. Дозалар үш апта аралықпен бөлінеді.

12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Pfizer және Biotech вакциналары осы жылдың мамыр айында мақұлданды.

3 қарашада АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға Pfizer-BioNTech вакцинасын қолдануды ресми түрде мақұлдады.

Бөлісу:
АҚШ бес жастан асқан балаларға вакцина сала бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар