Өнер
3 мин оқу 460

«Ақын» Токиода топ жарды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Есімін әлемдік деңгейдегі сыншылар әспеттеп, түсірген фильмдері халықаралық белді кинофес&shy;тивальдарда үнемі топ жарып жүрген режиссер Дәрежан Өмірбаевтың шығармашылық қоржыны тағы бір қомақты жүлдемен толықты. Суреткердің XXXIV Токио халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысқан &laquo;Ақын&raquo; фильмі &laquo;Үздік режиссер&raquo; жүлдесін жеңіп алды.</p>

«Ақын» Токиода топ жарды

Неміс жазушысы Герман Гессенің өзі туралы жазылған «Авторлық кеш» шығар­масы­ның желісінде түсірілген айтулы фильм – режиссер Өмірбаевтың кино саласында түйген өмірлік тәжірибесін көрсеткен кезекті тың туындыларының бірі һәм бірегейі.

Иә, режиссер әлемі – түпсіз терең тұң­ғиық, жұмбақ әлем. Оның шешімін табу кез келген көрерменге қол емес. Олай дейті­німіз, Дәрежан Өмірбаевтың аз түсірсе де саз түсіретін әр жұмысы кәсіби мамандар мен әріптестері арасында жоғары бағалан­ғанымен, қарапайым ха­лық үшін әлі де ашыл­маған аралдай. Оның себебі жал­ғыз – кинорежиссер әу бастан-ақ өз жолын айқын белгіледі, ол – нағыз кино тілінде кино түсіру.

Авторлық фильм деген ерекше бағытта бағын сынап жүрген суреткердің қолтаңбасы да қат­парлы: баяу өрбитін темпоритм, нақты есеп пен логикаға бағынған сюжет, сезімге де, сөз­ге де сараң, бірақ ойға, ішкі толғанысқа бай актерлер ойы­ны... Францияның «Әдебиет жә­не өнер» орденінің кавалері, тәуелсіз Платиналы «Тарлан» сыйлығының лау­реаты, кинорежиссер Дәрежан Өмір­баевты өзге режиссерлерден даралай­тын меншікті стиль бұл. Терең толғаныс, ордалы ойы­мен азға айқын, көпке тылсым болған режиссердің кино тілінде тол­ға­натын өмір һәм өнер жай­лы пайым­дары да кесек. Мұны Токио фестива­ліне қазылық ет­­кен кино сыншылар да бір­ауыз­дан мойындады:

– Фестивальдың қазылар ал­­қасы осы жүл­дені Дәрежан Өмір­баевқа берді, өйткені бізге фильм­дегі режиссердің өзіне ғана тән қолтаңбасы айрықша ұнады, – деп сөз бастаған қазылар алқасының мүшесі Крис Фудживара (Chris Fujiwara) әрі қарай кино­туын­дының ерекшелігіне тоқталды. – Бұл фильм – поэ­зия туралы ғана емес, сондай-ақ осы өнер­ді баға­ламайтын заманда ақын болудың қан­шалықты қиын еке­нін көрсететін үздік жұмыс. Бүгінгі күні бұл проблема тә­уел­сіз киногерлердің алдында тұр десем, титтей де артық айтқаным емес. Аталған көркем туынды – адамзаттың рухани дамуына теңдессіз үлес қосатын өнерге немқұрайлы қарамайтын адамдардың еңбегі.

Айта кетейік, 1980 жылдан бері өткізіліп келе жат­қан Tokyo International Film Festival кинофестивалі – Халық­ара­лық кинопродюсерлер қа­уым­дастығы федерациясының (FIAPF ) тіркеуінен өткен, «А» санатындағы әлемдегі үздік 15 кино­байқаудың қатарына кіретін беделді фестивальдардың бірі.

Халықаралық деңгейдегі белді фестивальдың басты жүлдесін қан­жығасына байлап, ұлттық кине­матографияға өлшеусіз олжа салған қазақстандық режиссер өз сөзінде «Ақын» фильмін жоғары бағалаған қазылар алқасы мен фестиваль көрермендеріне алғы­сын білдіріп, көркем туындының нақты бағасын уақыт беретінін атап өтті.

– Бұл – менің ғана емес, бүкіл түсірілім тобының, сондай-ақ «Қа­зақфильм» кино­студиясы­ның жеңісі. Осындай жүлделер ­тоқ­тамай жұмыс істеуге жігер бе­ре­ді, көп рахмет, – деді Дәре­жан Өмірбаев.

Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің тапсырысы бо­йынша «Ұлттық киноны қолдау мем­лекеттік орталығының» қол­­­­­­­да­уымен Ш.Айманов атын­да­­ғы «Қазақфильм» АҚ түсір­ген «Ақын» фильмі Дидар есімді мо­­йын­далмаған қаламгердің өмі­рі туралы баян­дайды. Көркем туындыдағы басты рөлді «Жігіт­тер» тобының әншісі Ердос Қа­­наев сом­дады. Фильмнің түсі­­­рілім жұмыстары Алматы қа­ла­­сында өтті. Картинаның қою­шы операторы Борис Трошев, қоюшы суретшісі Александр Ророкин, продюсерлері – Юлия Ким мен Ержан Ахметов.

То­кио­да мойындалған «Ақын­­­­­­­­ның» өз еліндегі һәм жал­пы ки­но әлеміндегі тағдыры ла­йым ­та­­бысты болсын дейік, ен­деше!

Бөлісу:
«Ақын» Токиода топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар