Футбол
1 мин оқу 440
Роналду команда ауыстыруы мүмкін
<p style="text-align: justify;">«Манчестер Юнайтед» футбол клубының шабуылшысы, португалиялық Криштиану Роналду командасымен қош айтысуы мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p> </p>

Португалия құрамасының шабуылшысы, бес дүркін «Алтын доп» иегері ұлыбританиялық команданың қазіргі жағдайына көңілі толмайды. Ағылшын премьер-лигасында 11 турдан кейін 6 орынға орналасқан «қызыл сойқандар» маусым қорытындысы бойынша чемпиондар лигасынан тыс қалса, ол командадан кетуге бекініп отыр. Футболшы ретіндегі кәсіби мансабының соңғы маусымдарын Еуропа лигасында өткізуге Роналду құлықты емес.
Бөлісу: