Аймақтар
1 мин оқу 222
Алматыда төрт көлік соқтығысты
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алматыда төрт көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Жол апаты Байтұрсынұлы көшесінде Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығында болған.
Ford көлігінің жүргізушісі қозғалысын тоқтата алмай Mitsubishi Lancer-ге соғылған. Ауыр соққыдан Mitsubishi Lancer Mitsubishi Montero-ның астында қалды, ал Montero алда тұрған Volkswagen Passat-қа соғылды.
Жол апаты салдарынан Mitsubishi Lancer жолаушысы зардап шекті. Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеуде.
Бөлісу: