Ауа райы
1 мин оқу 96

Алты облысқа ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">11 қарашада еліміздің 6 облысында ауа райы күрт құбылады, қар жауып, көктайғақ болады, жел күшейіп, жаяу борасын соғады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазгидрометке сілтеме жасап.</p>

Алты облысқа ауа райына байланысты ескерту жарияланды

11 қарашада күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

11 қарашада Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында тұман түсуі ықтимал.

11 қарашада түнде Түркістан облысының оңтүстік және таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін.

11 қарашада Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстік-батысында 15-20 м/с күшейеді. Көкшетауда ертең көктайғақ болуы мүмкін.

11 қараша Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда ертең таңертең және түнде тұман түседі.

11 қарашада түнде Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында және орталығында жаңбыр, қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде және шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе қаласында ертең көктайғақ болады.

Бөлісу:
Алты облысқа ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар