Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 191

Тейлор: «Лопес Ломаченкодан қорқады»

<p style="text-align: justify;">Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Джош Тейлор ESPN телеарнасына берген сұхбатында Теофимо Лопес украиналық Василий Ломаченкомен екінші мәрте шаршы алаңда кездесуден қорқатынын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тейлор: «Лопес Ломаченкодан қорқады»

«Менің ойымша Тео Лопес Василий Ломаченкомен қарымта кездесу өткізуден қатты қорқады. Ол жарақаты бар боксшымен қолғап түйістіргенін жақсы біледі. Ал, жарақаты жоқ, жекпе-жекке 100 пайыз дайын Ломаченко оны оңай ұтады», деді ол өз ойын білдіріп.

Жеңіл салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Теофимо Лопес 28 қараша күні Джордж Камбососпен жұдырықтасатынын айта кеткен жөн.

Бөлісу:
Тейлор: «Лопес Ломаченкодан қорқады» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар