Әлем
1 мин оқу 170
Польша-Беларусь шекарасындағы көліктер кезегі 25 шақырымға созылды
<p style="text-align: justify;">Кузницадағы өткізу пункті жабылғаннан кейін Польша-Беларусь шекарасында жүк көліктерінің үлкен кезегі пайда болды. Бұл туралы Польша шекара күзеті Подляск комендатурасының баспасөз хатшысы Катажина Зданович мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұған дейін поляк шекарашылары Варшава 9 қарашадан бастап мигранттарға байланысты Беларуспен шекарадағы өткізу пунктін жабатынын хабарлады. Барлық жүк көлігі басқа өткізу пункттеріне жіберілетіні айтылды.
«Менің ақпаратым бойынша, Бобровниктегі шекара өткелінде күту уақыты 39 сағат болады», деді Зданович.
Бөлісу: