Оқиға
1 мин оқу 860

12 қарашада ТМД Үкімет Басшыларының кеңесі өтеді

<p style="text-align: justify;">12 қарашада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысы бейнеконференция байланысы форматында өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Үкімет басшылары ТМД-дағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, уран өндіруші өндірістердің әсеріне ұшыраған аумақтарды қалпына келтіруге, теміржол көлігін дамытуға қатысты тақырыптарды талқылайды.

Бұдан басқа, ТМД Үкімет Басшылары Кеңесі жанындағы жауынгер-интернационалистер істері жөніндегі комитеттің төрағасы туралы шешім қабылдау, ҮБК-нің келесі отырысының өтетін күні мен орнын айқындау жоспарлануда.

Сондай-ақ, отырыста 2022 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы бекітіледі деп күтілуде.

Бөлісу:
12 қарашада ТМД Үкімет Басшыларының кеңесі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар