Қазақстан
2 мин оқу 222

Халықаралық ұйымдар құттықтауы

<p style="text-align: justify;">Жақында Жалпыұлттық халық санағының негізгі кезеңі аяқталды. Бірқатар халықаралық ұйымдар Ұлттық статистика бюросын деректерді жинау процесінің аяқталуымен құттықтады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.</p>

Халықаралық ұйымдар құттықтауы

Атап айтқанда, Ислам ынты­мақ­тастығы ұйымының ислам елдері үшін статистикалық, эконо­ми­ка­лық және әлеумет­тік зерттеу және оқы­ту орталы­ғы­ның бас директоры Небиль Дабур Қазақстан ста­тис­­­­тик­­терін құттықтай отырып, ын­ты­­мақ­тастықты кеңейтуге ниет білдірді.

«Мен сіздерді Қазақстанның үшінші Ұлттық халық санағы­ның табысты аяқталуымен құт­тықтағым келеді. Осы мүм­кін­дікті пайдалана отырып, мен SESRIC атынан Бюро бас­шы­лығына SESRIC-тің статис­ти­калық әлеуетті арттыру жөніндегі (STATCAB) бағдар­ламасы шеңберінде Ислам ынты­мақтастығы ұйымына мүше басқа елдермен өзінің техни­калық статис­тика­лық тәжі­ри­бесімен алмас­қа­ны және қосқан құнды үлесі үшін риза­шылығымды білдіргім келе­ді. Біздің екі мекеме арасындағы ын­ты­мақтастықты кеңейтуді асыға күте­мін», деп атап өтті Небиль Дабур.

БҰҰ Босқындар істері жөнін­дегі Жоғарғы комиссары­ның Орталық Азия бойынша өкілінің орынбасары Ду­мит­ру Липкану инклюзивті қоғам­ды дамытудағы еліміздің жетіс­тіктеріне ерекше тоқталды.

«БҰҰ БЖКБ сіздерді Қазақ­стан Республикасындағы Ұлттық санақтың табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтайды! Біз Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы халық санағының толығымен инклюзивті болуына бағыттаған күш-жігерін қолдаймыз және Қазақстанның осы мақсатқа қол жеткізген жетістігін куә­лан­дыруға қуаныштымыз», делінген хатта.

ТМД Мемлекетаралық статис­тика комитетінің төраға­сы Влади­мир Соколин Қазақстан­ның халық санағы шеңберінде дерек­тер­ді жинаудағы техноло­гия­лық про­гресін ерекше атап өтті. В.Соко­лин бұ­ған дейін елі­­мізде болып, жүр­гізі­ліп жат­­қан ұйымдастыру­шы­лық жұ­мыс­тармен жеке танысқан болатын.

«Халық санағы енді ғана аяқ­талды, бірақ қазірдің өзінде алғаш­қы нәтижелерді шы­ғара беруге болады. Қазақ­стан Республикасында халық сана­ғы планшеттер мен интер­нетті пайдалану арқылы ал­ғаш рет электронды түрде жүр­гізілді. Халықтың 40 пайыздан астамы интернет бойын­ша санақ парақтарын өз бетін­ше толтырып, санаққа қатыс­ты. Халықтың осындай жо­ғары қызығушылығы санақ қар­саңында өткізген үлкен ақ­параттық дайындық жұмысының нәтижесі. Қымбатты әріптестер! Санақ аяқталды, бірақ жұмыс жал­ғасуда. Алда нәтижелерді шыға­руға және жариялауға байланыс­ты маңызды кезең бар. Шын жүрек­тен табыс ті­леймін және Қазақ­стан Республи­касын­дағы үшінші Ұлттық халық санағының нәтиже­лерін күтеміз», деді В.Соколин.

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрғын халықтың қоныстануы саласындағы қоры да (ЮНФПА) өзінің құттықтау хатын жолдады.

«Сіздерді БҰҰ ұсыным­дары­на сәйкес екі жаһандық раунд шең­берінде өткізілген халық сана­­ғының сәтті аяқталуымен құт­тық­­таймыз. ЮНФПА Ұлт­тық статис­­­тика бюросына осы зерт­теу­лер­ді жүргізудегі ынты­мақ­тасты­ғы үшін өз ризашы­лығын білді­реді!», деп атап өтті ЮНФПА-ның Қазақ­­­стандағы Атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев.

Сондай-ақ құттықтау хаттар Дүниежүзілік банк пен БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілдігі атынан да келді.

Бөлісу:
Халықаралық ұйымдар құттықтауы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар