Әлем
1 мин оқу 162
БҰҰ Бас хатшысы мигранттарға байланысты үндеу жасады
<p style="text-align: justify;">Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Беларусь пен Еуропалық Одақ шекарасында болып жатқан мигранттарға байланысты оқиғаны саяси мақсатта пайдаланбауға шақырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы оның өкілі Стефан Дужаррик мәлімдеді. Оның айтуынша, БҰҰ біраз уақыттан бері Беларусь-Польша шекарасындағы босқындарға қатысты жағдайды бақылап отыр.
«Бірқатар негізгі қағидалар бар: халық ешқашан саяси мақсатқа жетудің құралы ретінде пайдаланылмауы керек, әсіресе, баспана не қауіпсіздік іздеп жүрсе де, қиын жағдайда тұрса да», делінген хабарламада.
Бөлісу: