Ертеңнен бастап балаларға вакцина салынады
<p style="text-align: justify;">Жаңадан жеткізілген Pfizer вакцинасы балаларға, жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға ғана салынады. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оның айтуынша, ДДСҰ мақұлдаған Pfizer вакцинасы елге жеткізіліп, оны емханалар арасында бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осылайша, ертеңнен бастап балаларға Pfizer вакцинасы салына бастайды.
«Аталған вакцина үш категорияға бөлінген. Ол 12-18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге (16-30 апта) және бала емізетін аналарға ғана салынады. Әзірге, халықтың басқа тобына бұл вакцина егілмейді», дейді Әсел Қалықова.
Департамент басшысының орынбасары Pfizer вакцинасының бір құтысы алты адамға арналғанын айтты.