Елорда
1 мин оқу 380

Abu Dhabi Plaza құрылысы қашан аяқталады?

<p style="text-align: justify;">Елордада салынып жатқан Abu Dhabi Plaza ғимаратының құрылысы 97 пайызға аяқталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Abu Dhabi Plaza» нысанында қазір құрылыс-монтаждау жұмысы кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Орындалған жұмыстың жалпы көлемі – 97%-дан асады. 2021 жылдың соңына дейін сыртқы жұмыстарды толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Айта кету керек, ғимарат ішінде әрлеу жұмыстары ары қарай да жалғаса береді», делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, «Abu Dhabi Plaza» – Орта Азиядағы ең ірі кешендердің бірі. Ол жалпы аумағы 500 мың шаршы метрден асатын бес ғимараттан құралған.

Бөлісу:
Abu Dhabi Plaza құрылысы қашан аяқталады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар