Аймақтар
2 мин оқу 211

«Жасыл» аймаққа да жайлануға болмайды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы &laquo;жасыл&raquo; аймаққа енгенімен, жайбарақат жүруге еш негіз жоқ. Өткен тәулікте ғана 77 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Аз емес. Қамысқа түскен шоқтай тұтанып кетуі әп-сәтте. Оған көзіміз әбден жеткен.</p>

«Жасыл» аймаққа да жайлануға болмайды

Қоғам болып аты өшкір ін­дет­пен күресіп жатқанымызға екі жылдай болыпты. Етіміз үйре­­ніп кетті ме, әу бастағыдай дүр­­бе­лең жоқ. Облыс тұрғын­дары сани­тарлық дәрігер бекі­тіп берген ережені бекем сақ­тан­а­ды. Бұрынғыдай емес, той-томалақ саябырсыған.

Облыс орталығында, аудан­­дарда індетпен күресу мақ­сатындағы провизорлық орта­лықтар өкпені желдеткіш аппараттармен, төсек-орынмен толық­тай қамтылған. Қат-қабат киінген дәрігерлер күн-түн дес­пей арпалысып жүр. Еңбек­терінің нәтижесі де жоқ емес, өлім-жітім азайды.

– Өткен тәулік ішінде ковид­ті пневмониямен ауыр­ған­дарды қоса есептегенде 68 пациент стационарлардан емделіп, жазылып шықты. Ал өткен тәулік бойынша тағы 9 симптомсыз ауру белгілері бар азаматтың үй карантині аяқталды, – дейді облыстың бас дәрігері Ермек Омарбеков.

Жалпы, өңір бойынша бүгінге дейін инфекциялық стационарлардан ем алып шыққандар саны оның ішінде ковидтік пневмония­мен ауырғандарды қоса есептегенде 24 229 адамға жетті. 10 234 науқас үй карантинін аяқтап, 34 463 адам толықтай сауы­ғып шықты. Мұның бәрі тың­ғылықты дайындықтың, білік­ті мамандардың арқасы.

Дәрігерлер айтқандай, індетті біржола жеңудің жолы – ұжым­дық иммунитет, яғни вакцина­лау. Облыста бұл бағытта да тынымсыз жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, екпе алмағандар Ashyq жүйесі арқылы анықталып, бірқатар нысанға кіріп-шы­ға алмайды. 2021 жылғы 9 қа­ра­шадағы мәлімет бойынша Шы­ғыс Қазақстан облысында вакци­наның I компонентін 890 358 адам, II компонентті 827 664 адам салдырған екен. Вакцинаның қалған компоненттеріне келер болсақ, I компоненттен 15 117 доза, II компоненттен 32 738 доза қалды. Өңірде қазіргі уа­қытта вакцинаның 3 түрі бар: Спут­ник-V, QazVac және Sinopharm. Айта кетерлігі, облыста жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге де вакцина егу жұ­мыстары қолға алынбақ. Әзір­ше жер-жерлерде түсіндіру жұ­­мыс­тары басталып кетті. Ме­ди­­цина қызметкерлерінің айтуын­ша, вакцина егілмес бұ­рын баланың немесе жүкті әйел­­дің денсаулығы толықтай тек­серіледі. Сондықтан қауіп­тенуге еш негіз жоқ.

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
«Жасыл» аймаққа да жайлануға болмайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар