Электр энергиясының тапшылығы қалай шешіледі?
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстанның энергетика вице-министрі Әсет Мағауов электр энергиясының тапшылығы мәселесін қалай шешіп жатқанын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Оның айтуынша, электр энергиясын тұтынудың ағымдағы деңгейінде оңтүстік өңірлерде 350 МВт қуат тапшылығы болжануда.
«10 қарашадағы жағдай бойынша Жамбыл ГРЭС-інің үшінші энергоблогын қазу басталды. Сондай-ақ, МАЭС төртінші блогы іске қосуға дайын. Бұл екі блок жалпы 360 МВт қуаттылықты қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, қараша айында Екібастұз 1-ші ГРЭС және ГРЭС-2-де жөндеу жұмыстары аяқталады деп болжануда. Қараша айында қосымша өндіруші қуат тағы 2140 МВт-қа өсуі керек. 9 қарашада қуаты 300 МВт Мойнақ ГЭС-індегі турбоагрегаттар жұмысқа қосылды», деп хабарлады Әсет Мағауов Сенаттағы Үкімет сағаты кезінде.
Бұдан басқа, болжамды тапшылықты жабу үшін қараша айында «КОРЭМ» АҚ алаңында ресейлік электр энергиясын импорттау бойынша орталықтандырылған сауда-саттық басталды.