Әлем
1 мин оқу 282
Измир жағалауында 30-дан астам мигрант құтқарылды
<p style="text-align: justify;">Түркиялық БАҚ Грекияның жағалау күзеті халықаралық құқықты бұзып, мигранттар мінген қайықтарды түрік суларына шығаруды жалғастырып жатқанын жазуда, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Түркияның жағалау күзеті Грекияның аумақтық суларынан Түркия жағалауына қарай шығарылған 33 заңсыз мигрантты құтқарды.
Түркия жағалау күзетінің мәліметінше, Урла аймағының жағалауынан мигранттар мінген қайық табылған. Заңсыз мигранттар резеңке қайықтармен Грекияға өтпек болған.
Құтқарылғандар Измир облысының көші-қон басқармасына жеткізілді.
Бөлісу: