Алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
<p style="text-align: justify;">Еліміздегі алты облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазгидрометке сілтеме жасап.</p>

13 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с жетеді.
Петропавлда ертең күндіз көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
13 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда ертең көктайғақ болады, жаяу борасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с жетеді.
13 қарашада Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда ертең таңертең және күндіз көктайғақ болады.
Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе қаласында ертең түнде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.