Оқиға
1 мин оқу 163
Эквадор түрмесіндегі бүлік: 70-ке жуық тұтқын қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Эквадордағы түрмелердің біріндегі бүлік салдарынан 68 тұтқын қаза тауып, 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тәртіпсіздіктер елдің оңтүстік-батысындағы Гуаякил қаласындағы Литорал түрмесінде болған.
Полиция мен әскерилер тәртіпті қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Тінту кезінде айтарлықтай көлемдегі қару-жарақ пен кескіш заттар тәркіленді.
Жанжал қылмыстық топтар арасындағы көшбасшылық күреске, сондай-ақ түрмедегі жағдайға байланысты туындаған деген болжам бар.
Бөлісу: