Технология
1 мин оқу 180

Ресей Үндістанға зениттік зымыран кешенін жеткізе бастады

<p style="text-align: justify;">Ресей Үндістанға С-400 зениттік зымыран кешенін (ЗРС) жеткізе бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы ТАСС агенттігіне Әскери-техникалық ынтымақтастық федералдық қызметінің директоры Дмитрий Шугаев мәлімдеген. 

Үндістан мен Ресей арасында С-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алу туралы келісімге 2018 жылдың қарашасында қол қойылған. Келісімшарттың жалпы сомасы 5,4 млрд долларды құрайды. 

Бұл келісім Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Ресей президенті Владимир Путиннің ұзақ келіссөздерінен кейін қабылданған.

Келісімге бойынша жеткізу 2023 жылдың сәуір айында аяқталады.

Бөлісу:
Ресей Үндістанға зениттік зымыран кешенін жеткізе бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар