Әлем
1 мин оқу 111

«Тұжырымдамалық құжатты» қабылдады

<p style="text-align: justify;">Түркітілдес мемлекеттер ынтымақ&shy;тас&shy;&shy;тығы кеңесіне (Түркі кеңесі) мүше мем&shy;ле&shy;кеттердің басшылары жұма күні Ыс&shy;танбұлда кездесіп, Жасыл техноло&shy;гия&shy;&shy;лар мен ақылды қалаларға ерекше на&shy;зар аударды.</p>

«Тұжырымдамалық құжатты» қабылдады

Түркия тарапының мәлімдемесінде «Цифрлық дәуірдегі жасыл технология­лар мен ақылды қалалар» Түркі кеңесінің VIII саммитінің тақырыбы болды.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Өзбекстан Пре­зид­енті Шавкат Мирзиёев Ыстанбұл маңындағы Мәрмәр теңізіндегі аралда Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған ұйымдастырған кездесуге қа­тыс­­ты.

Мажарстан Премьер-министрі Вик­тор Орбан мен Түрікменстан Пре­зи­денті Гурбангулы Бер­ді­мұ­ха­медов ба­қы­­лаушы мемлекеттер мәрте­бе­сіне ие өз елдерін таныстырып, саммитке қо­сыл­­ды.

Көшбасшылар барлық саладағы ын­ты­мақтас­тықты одан әрі дамыту жолдарын талқылап, келесі екі онжылдыққа арналған «тұжырымдамалық құжатты» қабылдады.

Бөлісу:
«Тұжырымдамалық құжатты» қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар