Әлем
1 мин оқу 250

Ынтымақтастықтың үш түріне мән берген жөн

<p style="text-align: justify;">Ал &laquo;Вестник Кавказа&raquo; газеті Түр&shy;кі&shy;тіл&shy;дес мем&shy;ле&shy;кеттердің ынты&shy;мақ&shy;тас&shy;&shy;тық кеңесінің VIII сам&shy;митіне қа&shy;тыс&shy;қан мемлекеттер басшылары бір&shy;қа&shy;тар келісімге келгенін жазады. Сам&shy;мит&shy;те Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым&shy;ның жа&shy;һандық деңгейде лайықты орнын ала&shy;тынына сенім білдірді.</p>

Ынтымақтастықтың үш түріне мән берген жөн

«Менің пікірім бойынша ұйымы­мыз, ең алдымен, экономикалық, гумани­тарлық және экологиялық ынтымақ­тас­тық­қа баса мән бергені жөн. Әріптестерім бұл тұжырыммен келіседі деп ойлаймын. Бірлігіміз әрдайым бекем болсын», деді Қазақстан Президенті.

Қазақстан Президенті қазіргі күр­де­лі жағдайда сын-қатерлерді еңсе­ріп, орнықты даму үшін күш-жігер бі­рік­ті­ру­дің, жаңа технологияларды иге­ру саласында ынтымақтастық орна­ту­дың аса ма­­­­­ңызды міндет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымға мүше мемлекеттер жұмыла отырып, бірлесіп әрекет етуге тиіс бірнеше маңызды бағытты атады.

«Біз жаңартылатын қуат көз­де­рін дамы­та береміз. Бұл міндет «Жасыл эко­но­ми­ка­ға» көшу туралы тұжы­рым­да­мада көрініс тапты. Жос­пар­ланған шаралар 2060 жылға қарай көміртегіден арылуға жол ашады. Сондай-ақ алдағы он жылда парникті газ шығаруды 15 пайызға азайтуға мүмкіндік береді. Осының ая­сын­да біз 2025 жылға дейін 500 мың гек­тар жерге 2 миллиард түп ағаш отыр­ғызуды жоспарлаудамыз. Бұған қо­са қазір еліміздегі жаңартылатын қуаттың үлесін 3 пайызға жеткіздік. Оны 2030 жылға қарай 15 пайызға де­йін арттырамыз. Сол мақсатпен Нұр-Сұл­тан қаласында «Жасыл технология­лар мен инвестициялық жобалардың ха­лық­аралық орталығын» аштық», деді Қазақстан Президенті.

Бөлісу:
Ынтымақтастықтың үш түріне мән берген жөн · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар