Аймақтар
2 мин оқу 540

Түркістан тарихын тиын арқылы терең танисыз

<p style="text-align: justify;">Түркістанда &laquo;Әзірет Сұлтан&raquo; мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастыруымен, 15 қараша ұлттық валюта &ndash; теңге күніне орай, &laquo;Нумизматикалық материалдар бойынша Түркістан тарихы&raquo; көрмесі ашылды. Нумизматика сөзі латын тілінен аударғанда &laquo;тиын&raquo; деген мағына береді. Қазіргі таңда бұл тарих ғылымының тиындарды зерттейтін көмекші саласы.</p>

Түркістан тарихын тиын арқылы терең танисыз

Түркістан аумағының ақша айналымынан сыр шертіп, өлке тарихын зерделеушілер үшін тың деректерге толы жәдігерлер топтамасын ұсынған көрменің ашылуында қорық-музей ди­рек­торының міндетін атқарушы Ерсін Тәжібаев музей қорында 26 мыңға жуық жәдігер болса, оның 14137-і нумизматикалық мұраларға тиесілі екенін атап өт­ті. «Әрбір мұраның өз кезеңіне сай тарихи маңызы зор. Көрме­нің мақсаты – музей қорында жинақ­талған нумизматикалық материалдар негізінде түркі жұр­ты үшін қашан да киелі мекен болған Түркістан қаласының та­рихи маңызын айшықтау, Қа­зақ­стан егемендігінің ма­ңызды элементтерінің бірі, тәуелсіздігіміздің жаршысы бол­ған – төл теңгеміздің маңызын ұлықтау болып табылады», деді Ерсін Ботабайұлы.

Көрме экспозициясында Түр­­­­кістаннан табылған ең көне ну­миз­матикалық жәдігер – Ку­шан патшалығының б.з. ІІ ғасы­рын­дағы билеушісі Хувишка І пат­ша тұсында соғылған қола ақ­ша­сы, әлемде жалғыз үлгісі ғана бел­гілі болып отырған Шың­ғыс хан атымен Самарқанда со­ғыл­ған алтын динар, Ясы-Күл­төбе ескерткішіндегі өмірдің тоқ­талуын нақтылап бере алатын Ша­ғатай ұлысының күміс дирхемдері мен мыс фельстер көмбесі, Алтын Орда мемлекетінің оңтүстік-шы­ғыс шекарасының қай тұстан өткен­дігін нақтылауға көмек бере алатын тиындар мен тағы да басқа өлке тарихын зерттеуде маңызды рөл атқаратын материалдар ұсынылды. Көрме экспозициясы 5 бөлімге бөлінген. Қазақ жазирасы көне замандардан бері батыс пен шығысты жалғастырар «көпір» болғандығы белгілі. Адам­зат арасындағы сауда қарым-қа­ты­насын қалыптастырушы ең алғашқы дәнекердің бірі – Ұлы Жібек жолының шығыс пен ба­тысты байланыстырушы ма­ңызды бағыттарының барлығы да қазақ даласынан өткен. «Көне Ясы –Түркістанның осы жол бо­йындағы маңызды бекеттердің бірі болғандығын Ясы-Күлтөбе, ортағасырлық Түркістанның тарихи ескерткіштерінде үздіксіз жүргізіліп отырған археологиялық қазба жұмыстары кезінде табыл­ған нумизматикалық материал­дар растайды. Қазіргі таңда Қазақ­стан археологтерінің кө­не Түркістанда жүргізген қаз­ба жұмыстары нәтижесінде табыл­ған ертеортағасыр мен ХХ ға­сырға дейінгі уақыт аралығына тән нумизматикалық табыстар және кездейсоқ табылған тиындар өлкедегі сауда-саттықты, діни-рухани, саяси ахуалды зерттеуге мүмкіндік бере алатын едәуір көлемдегі материалдар ұсына алады», дейді қор сақтау бөлімінің басшысы Нұржамал Әшірбаева.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ашылуына тарихшылар мен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар, музей қызметкерлері қатысқан көрме ай бойы ел назарына ұсынылады.

ТҮРКІСТАН

Бөлісу:
Түркістан тарихын тиын арқылы терең танисыз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар