Коронавирус
1 мин оқу 140

8,5 млн-нан астам адам екпе салдырды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда 8,5 млн-нан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«15 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 539 432 адам, II компонентті 7 817 732 адам салдырды», делінген хабарламада.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 1 010 741 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 961 251 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында – Түркістан облысы. Өңірде 1 003 201 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 944 827 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 902 087 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 841 536 адам екінші бөлігін қабылдаған.Ң

Бөлісу:
8,5 млн-нан астам адам екпе салдырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар