Коронавирус
1 мин оқу 6,060

Pfizer вакцинасын салдыратындар тізімі кеңеюі мүмкін

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын салдыратын азаматтардың тізімі кеңейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Біз түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Қазір МАБ аясында шешім әзірленіп жатыр, мүмкін, біз оны осы аптада жариялаймыз. Басқа санаттағы азаматтар осы вакцинаны алуы немесе қайта салдыруы мүмкін», деді Асқар Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Еске салайық, Қазақстанда Pfizer вакцинасын тек жүкті, бала емізетін және 18 жасқа дейінгі балаларға салу жоспарланған болатын.

Бөлісу:
Pfizer вакцинасын салдыратындар тізімі кеңеюі мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар