Аймақтар
1 мин оқу 180

Түркістан облысында 68 жүкті әйел «Pfizer» вакцинасын қабылдады

<p style="text-align: justify;">Бүгін Түркістан облысында оқушылар мен жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы &laquo;Pfizer&raquo; вакцинасын салу басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркістан облысында 68 жүкті әйел «Pfizer» вакцинасын қабылдады

Дәрігерлер тұрғындарды медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егіп жатыр. Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.

«Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Жасөспірімдерді вакцинациялау – тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады.

Айта кетейік, Түркістан облысына «Pfizer» вакцинасының 29 250 дана мөлшеріндегі алғашқы партиясы жеткізілген болатын.

Бөлісу:
Түркістан облысында 68 жүкті әйел «Pfizer» вакцинасын қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар