Білім
1 мин оқу 430

Студенттердің стипендиясы 2 есе өседі – Асхат Аймағамбетов

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда жалпы саны 122 жоғары оқу орны бар. Оның тең жартысы жекеменшік оқу орындары. Білім беру сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік грант саны мен стипендия көлемі артады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Студенттердің стипендиясы 2 есе өседі – Асхат Аймағамбетов

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«2025 жылы мектеп бітірушілерге 75 мың грант бөлінеді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған шәкіртақы көлемі артады. Атап айтқанда бакалавр студенттерінің шәкіртақысы 2025 жылы 2 есе, магистратура мен доктарантурада білім алушылардың стипендиясы 1,5 есе өседі», деді Асхат Аймағамбетов.

Бөлісу:
Студенттердің стипендиясы 2 есе өседі – Асхат Аймағамбетов · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар