Үкімет
1 мин оқу 150

Ауылдарда су құбыры желілерін кеңейту қажет - Бейбіт Атамқұлов

<p style="text-align: justify;">Халық санының артуына байланысты 50 ауылда су құбыры желілерін кеңейту қажет. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Жыл сайын халық саны артуда. Тиісінше су тұтыну көлемі де ұлғайды. Халықтың көші-қонына байланысты бүгінгі күні 50 ауылда су құбыры желілерін кеңейту қажет. Бұл Ақмола, Алматы, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан облыстары. Мысалы, Ақмола облысының Қараөткел ауылында қазір 18 мыңға жуық адам тұрады. Ал 2018 жылы салынған су құбырлары 8 мың адамға ғана арналған», деді Бейбіт Атамқұлов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, мұндай ауылдардағы су құбыры желісін кеңейту үшін бюджеттен 40 млрд теңге бөлу қажет.

«Әкімдіктер бұл ауылдар үшін жобалау-смета құжаттамасын тез арада әзірлеуі қажет», деді Б.Атамқұлов.

Бұған дейін Б.Атамқұлов сумен қамтамасыз ету деңгейін артыру үшін көрсеткіштері төмен өңірлерге басым негізде қаражат бөлінетінін айтты.

Бөлісу:
Ауылдарда су құбыры желілерін кеңейту қажет - Бейбіт Атамқұлов · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар