Президент КҚК-ның үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
<p class="p2" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін Каспий құбыр консорциумының бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Награданы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </span></p>
Атап айтқанда, «КҚК-К» АҚ бас директорының Қазақстан Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Қабылдин ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, «КҚК» АҚ бас директоры Николай Горбань І дәрежелі «Барыс» орденімен, «КҚК-К» АҚ пайдалану және техникалық қызмет көрсету менеджерінің орынбасары Рафаэль Уәлиев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Сонымен қатар «КҚК-К» АҚ «Атырау» мұнай өткізу стансасы бастығының орынбасары Саламат Алтынсалиев ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы», ал «КҚК-К» АҚ «Теңіз» мұнай өткізу стансасының бастығы Оңдасын Шақан мен станса технигі Бақтыбай Айтажанов, «КҚК-К» АҚ «Құрманғазы» мұнай өткізу стансасы бастығының орынбасары Ғалымжан Сәрсенбаев ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен марапатталды.
Ал «КҚК-К» АҚ «Атырау» мұнай өткізу стансасының операторы Олег Қарабасовқа «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.