Оқиға
1 мин оқу 115
Орал қаласының тұрғындары сусыз қалды
<p style="text-align: justify;">Оралда құбырдағы апат салдарынан 11 мыңнан астам абонент сусыз қалды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Батыс су арнасы» ЖШС баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 16 қараша күні Әбілқайыр хан даңғылы 159-мекенжайында болған.
«Қазіргі кезде апатты жою үшін қаланың коммуналдық қызметтерімен келісу жұмыстары жүргізілуде. Апат салдарынан «Құрылысшы», «Солтүстік-шығыс» және 4-шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлер, барлығы 11 462 абонент сусыз қалды. Су құбырын бүгін ретке келтіру ойластырылуда», деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу: