ХҚКО-лардан тағы да ақау шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтарында техникалық ақау шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорында техникалық ақау тіркелген, бұл халыққа тұрғылықты жері бойынша тіркеу, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару қызметтерін ұсынуға әсер етті.
«Бұл ақаулар ЦДИАӨМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапынан «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры жаңартылғаннан кейін кезең-кезеңімен болады. Жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін көші-қон қызметі тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару қызметтерін қайта жалғастырады», деп мәлімдеді ІІМ Көші-қон қызметі комитетінде.