Қазақстан
1 мин оқу 491

Екі өңірде 25 градусқа дейін аяз күтіледі

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 25 градусқа дейін аяз күтіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, 17 қарашада оңтүстікте, шығыста, орталықта, 18 қарашада Қарағанды облысының басым бөлігінде қар, боран, көктайғақ күтіледі.

Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел 17 қарашада оңтүстікте, шығыста, облыс орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да көп болады.

19 қарашада ауа температурасының күрт төмендеуі түнде 17-22, облыстың солтүстік-шығысында 25, күндіз 10-15, облыстың солтүстік-шығысында 18 аязға дейін күтіледі.

18 қарашада Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, түнде облыстың солтүстігінде қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында боран соғады.

Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да көп.

19 қарашада ауа температурасының күрт төмендеуі түнде 17-22, облыстың солтүстік-шығысында 25, күндіз 13-18, облыстың солтүстік-шығысында 22 аязға дейін күтіледі.

Бөлісу:
Екі өңірде 25 градусқа дейін аяз күтіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар