Қоғам
2 мин оқу 507

Халыққа көмір қашан жетеді?

<p style="text-align: justify;">Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде әкімдіктердің, көмір өндіруші компаниялардың және &laquo;Қазақстан темір жолы&raquo; ҰК&raquo; АҚ өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізіліп, халықты көмірмен қамту мәселелері қарастырылды.</p>

Халыққа көмір қашан жетеді?

Жауапты ведомствоның дерек­те­ріне сәйкес биыл қаңтар-қазан ара­лы­ғында елімізде 88 млн тоннаға жуық көмір (көмір концентратын қоспағанда) өндірілді. Бұл былтырғы деңг­ейден (100,2%) жо­ға­ры.

«Энергия өндіруші кәсіпорын­дар­ға шамамен 48 млн тонна, өнер­кә­сіптік кәсіпорындарға 5 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қа­жет­­тіліктерге және халыққа 7,6 млн тоннадан астам көмір тиелді. «Қа­­зақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ өңір­лерге көмірді жеткізу жоспары басым негізде орындалатынын және көмір кеніштерінен түсетін өті­­нім­дер ұлғайса, қажеттілікті ашық вагон­дармен қамтамасыз ету­ге өзінің дайын екенін растады», делінген министрліктің ақ­па­ра­тында.

Кеңес барысында Ақмола, Ал­ма­ты, Шығыс Қазақстан, Қос­та­най, Қызылорда, Пав­ло­дар, Солтүстік Қазақстан облыс­та­­рының, Алматы мен Нұр-Сұл­тан қалаларының тұр­ғындары үшін көмірді жөнелту жоспары пысықталды. Осы өңір­лер­дің әкім­дік­тері тұрғындардың кө­мірге қажет­ті­лігін қамтамасыз ету­ді уақтылы ба­қылауы тиіс.

Құзырлы органның бастамасы­мен және өндірушілердің қол­да­уы­мен қарашада өңірлерге көмір жеткізу көлемі 487 мың тон­на­ға ұл­ғайтылмақ. Халық арасында үл­кен сұранысқа ие Шұбаркөл кө­мі­­рінің 240 вагоны өңірлерге күн са­йын қосымша жөнелтіледі дейді министрлік. 

Көмір кәсіпорындары қатты отын­­ның қажетті көлемін өндіруге, ал те­міржолшылар көмірді уақтылы жет­­кізуге жауапты. Жергілікті ат­қа­­ру­шы органдар тұтыну көлемін нақ­ты жоспарлауға, көмір сатып алуды уақытында жүргізуге, сондай-ақ оның өңірдегі және бар­­­лық қорын бақылауда ұстауы тиіс деп санайды Индустрия ми­нистрлігі.

Баға мониторингін жүргізу және қатты отын құнын көтеру жағ­дай­ларын анықтау – құзыретті уәкі­лет­ті органдардың міндеті.

Көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында тиісті ведомство Тау-кен өндіру және тау-кен ме­таллургия кәсіпорындарының қа­­уым­дастығымен меморандумға қол қойды.

Ресми статистикаға сәйкес ке­ніш­­тер­ден көмірді жіберу бағасы Қара­ғанды облысында тоннасына – 7 093 теңге, Павлодар облысында – 3 375 теңге, сондай-ақ тұтастай елімізде – 5 600 теңге.

Бөлісу:
Халыққа көмір қашан жетеді? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар