Технология
2 мин оқу 492

Студенттер smart технология көмегімен көкөніс өсіреді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан және Оңтүстік Корея Республикасы арасындағы келісімге орай &laquo;Агроуниверситет&raquo; оқу-тәжірибелік шаруа&shy;шылығы базасында ашылған 1 гектар алқаптағы &laquo;Ақылды жылыжайда&raquo; жылына 450 тоннаға жуық көкөніс өсірілетін болады. Таяуда ашылған жылыжай smart технологиялардың көмегімен басқарылып, өндірістік қуатты алқапта өскен өнімдер сауда орындарына жөнелтілмек.Қазақстан және Оңтүстік Корея Республикасы арасындағы келісімге орай &laquo;Агроуниверситет&raquo; оқу-тәжірибелік шаруа&shy;шылығы базасында ашылған 1 гектар алқаптағы &laquo;Ақылды жылыжайда&raquo; жылына 450 тоннаға жуық көкөніс өсірілетін болады. Таяуда ашылған жылыжай smart технологиялардың көмегімен басқарылып, өндірістік қуатты алқапта өскен өнімдер сауда орындарына жөнелтілмек.</p>

Студенттер smart технология көмегімен көкөніс өсіреді

Smart-жылыжай ауа райы­ның жаңбырлы, қарлы күндеріне төзімді. Мұнда ауа температурасы, ылғалдылық пен күн сәулесі смартфон арқылы бақылана­ды. Бұл өз кезегінде фермерлерге өндіріс көлемін ұлғайтып, жұ­мыс күші шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Қанатқақты жобаның әле­уе­тін университет студенттері ке­­ңі­нен пайдаланып, агротех­ни­ка­ның ­заманауи жетіс­тік­те­рін игермекші. «Ақылды жы­лы­жайдың» ашылу салтана­тына қа­тысқан Ауыл шаруа­шы­лы­ғы министрі Ербол Қара­шө­кеев мұнда еліміздің ауыл ша­руа­шылығы саласына қа­жет­ті мамандар даярланаты­нын жеткізді. Яғни оқу-тәжі­ри­бе­­лік шаруашылықта иннова­ция­лық жылыжайды пайда­ла­ну арқылы студенттер көкө­ніс да­­қылдарын өсіру техноло­гия­­сын іс-тәжірибеде игеріп, ауыл кәсіпкерлеріне smart тех­но­логиялармен байланысты ­се­­минар-тренингтер өткізіл­мек. Ал ғалымдар агротех­ни­ка­­лық, ұйымдастыру-шаруа­шылық жұмыс­­тармен қатар ғылыми-зерт­­теулер жүргізіп, кө­көніс да­­қыл­дарының әртүр­лі сұ­рпының фенологиялық фазаларына мониторинг жасайды.

Академик Тілектес Еспо­лов бүгінде еліміздің ауыл ша­руа­­шылығын дамыту үшін аг­рар­лық ғылымды өндіріс­пен бай­­ланыстыра отырып да­­мы­­ту­­дың маңыздылығын атап өтті. ­Оң­­түстік Ко­рея Рес­пуб­лика­сы­ның тәжіри­бесіндегі «ақыл­­­ды» ин­нова­циялық техно­ло­гия­­лар ар­қы­лы көкөніс өсіру әдісін отан­­дық өндіріске енгізу таяу ке­ле­шекте бұл бағытта соны сер­­піліске ықпал ететіні сөзсіз.

Инновациялық жылыжай құрылысын бастау туралы келі­сім 2019 жылы елордада өткен Қазақстан-Оңтүстік Корея бизнес-форумында жасалған болатын. Осы ықпалдастық аясын­да өткен жылы Оңтүстік Ко­рея Республикасының Ауыл шаруашылығы технология­ла­рын коммерцияландыру және енгізу қоры мен ҚазАҰУ «Агро­университет» оқу-тәжі­р­и­белік шаруашылығы база­сын­да «Ақыл­ды жылыжай» ашу ­және пай­далану туралы келісім ­жасалып, инвестицияның не­гізгі бөлігі шетелдік әріптестер ­тарапынан жұмсалып отыр.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Студенттер smart технология көмегімен көкөніс өсіреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар