Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 720

Жәнібек Әлімханұлы: Орта салмақтың патшасы – мен!

<p style="text-align: justify;">Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзін аталмыш салмақтың патшасына теңеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p style="text-align: justify;">&nbsp;</p>

Жәнібек Әлімханұлы: Орта салмақтың патшасы – мен!

«Хассан Ндам Нжикам – сөзсіз жақсы боксшы. Оның бұрынғы әлем чемпионы екені баршаға мәлім. Боксшы талай жақсы қарсыластармен жұдырықтасты. Бірақ мен мүлде басқамын, оны бәрі біледі.

Qazaq – әлемдегі үздік стиль. Бұл жекпе-жек кәсіби мансабымдағы ең жеңіл кездесу болатыны рас. Орта салмақ дәрежесінде бір ғана патша бар. Ол – менмін» деді Жәнібек Әлімханұлы өз ойын білдіріп.

20 қараша күні Лас-Вегаста өтетін бокс кешінде Жәнібек франциялық Хассан Ндам Нжикаммен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 21 қарашаның таңында қазақстандық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілмек.

Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы: Орта салмақтың патшасы – мен! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар