Аймақтар
1 мин оқу 363
Қызылордада үйінде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысы көлемінде өтіп жатқан «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының үйінен, ауласынан және сарайынан жасыл түсті ерекше иісі бар ұнтақталған шөптер тауып, тәркіленді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Сараптама қортындысына сәйкес, алынған шөптің салмағы 4 келіден асты. Оның «кептірілген марихуана» екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Бөлісу: