Президент
1 мин оқу 160

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев &laquo;Самұрық-Қазына&raquo; АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысына Қордың жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі өндірістік көрсеткіштері мен қаржылық нәтижелері туралы баяндалды.

Алмасадам Сәтқалиев биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына 8 981 миллиард теңге кіріс кіргенін және оның жоспарланған мөлшерден 20 пайызға артық екенін айтты. Компаниялар тобының операциялық табысы – 1 256 миллиард теңге. Бұл – былтырғы көрсеткіштерге қарағанда 2 еседен көп. Оған мұнай бағасының қымбаттауы, жүк тасымалынан түсетін кірістің артуы, транзиттің өсуі және басқа да өндірістік көрсеткіштер ықпал еткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының жобалары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу: