Келісімшартты соңына дейін оқисыз ба?
<p class="1012" style="margin-bottom: 5.65pt; text-indent: 0cm; text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.2pt;">Осы сұрақты айналамдағы біраз адам­­­ға қойдым. Таңғалдырғаны – көзі ашық, көкі­регі ояу, жоғары білімі бар аза­мат­­тар­дың өзі келісімшартқа онда не жа­­зыл­ға­нын оқымай-ақ қол қоя бере­тін­­дік­те­рін мойындап отыр. Ара­сын­да тіпті осы салғырттықтары үшін сорлап қал­ған­да­ры да бар. Ал «Неге оқы­май­сыз?» деген сауалымызға біразы еріне­тін­дік­терін айтып ақталды. Енді бірі «оқы­ғанмен, бәрібір түсінбейміз» деп жалтарса, үшіншілері «бір көз жүгіртіп, шолып шы­ғамыз» деп, нем­құ­рай­дылықтарын жуып-шайғандай жауап берді. Түйгеніміз – адам­дар әлі күнге дейін келі­сімшарттың ма­ңыздылығын түсіне қой­маған.</span></p>

Қазіргі уақытта келісімшарт жасасудың, атап айтқанда еңбек, сату-сатып алу, жалға алу, қызмет көрсету, несие төлеу шарттарының мәні өте зор. Осы шарттардың маңыздылығын жете түсінбеген талай жұрт әлі күнге ақшасынан қағылып, жүйкесі жұқарып, уақытын өлтіріп жүр. Шындап келгенде қоғамдағы көп мәселе халықтың шарттың не екенін, оның не үшін жасалатынын, кімге қажет екенін білмеуден, білсе де тереңіне үңіліп, түсінуге тырыспайтындықтарының салдарынан туындайды. Рас, жұрттың барлығы құқықтық жағынан сауатты емес. Несие алған, не үйін сатқан елдің бәрі заң саласында білімді деп айту қиын. Шарттың құндылығы мен қажеттігін түсінбеудің бір салдары да осыдан туындайды.
Көбіне-көп қаржы мамандары тұтынушылардың несие алар кезде несие келісімшартын соңына дейін оқымастан қол қоя салатындықтарын жиі айтады. Ең бастысы, банк мақұлдаса, ақшаны алсам болды деп жеңіл ойлайтын жұрттың біразы тіпті шарттың міндет-талаптарына көз жүгіртіп те қарамайды. Банк менеджері ұсынған қағаздарды оқымастан, қолын сүйкей салған көріністерге өзіміз де талай куә болғанбыз. Кез келген келісімшарттың басты мақсаты – ондағы міндеттемелерді орындауды талап ету екенін көп адам ескере бермейді. Неге? Шыны керек, көпшіліктің шартты басынан аяғына дейін оқып отыруға шыдамы жетпейді. Ал ерінбей мұқият оқып шыққандардың өзі мәтінде не айтылғанын жете түсіне бермейді. Себебі іс қағаздарының, соның ішінде келісімшарттардың тілі өте ауыр, тым ресми. Шарттағы қаптаған терминді қарапайым халық түсінуі үшін де сабырлылық керек. Келісімшартты негізінен заңгерлер дайындайды. Ал бұл құжатқа қол қоятын халықтың дені – қарапайым тұтынушылар. Қарап тұрсаңыз, екеуі – екі әлем.
Заңгер Айнұр Махметова келісімшартта сақтандыру деген ұғымның бар екенін кез келген адамның біле бермейтінін айтады. «Мәселен, сату-сатып алу келісімшартына қол қояр кезде сақтандыру компаниялары бірден барлық құжатты сақтандыруды ұсынады. Бұл кез келген жағдайда тиімді әрі қауіпсіз. Егер сатып алу кезінде бір нәрсе дұрыс болмаса, ақшаңызды толығымен қайтарып алуыңызға мүмкіндігіңіз зор. Сол себепті де келісімшартты жасасқан кезде міндетті түрде заңгер, адвокаттардың көмегіне жүгініп, сақтандыру мәселесіне басты назар аудару керек. Бір сөзбен айтқанда, келісімшартты сақтандырыңыз!», дейді білікті заңгер. Оның айтуынша, көпшілік шарттағы осындай қарапайым қағиданы елемей, соңында сан соғып қалады.
Ағылшын жазушысы Бэрд Жаклиннің «Іскерлік әлемнің ең басты ережесі – келісімшартта ұсақ жазумен жазылмағанды қоса алғанда барлығын оқып шығу» деген сөзі бар. Алайда тәртіп пен тәрбиені өте жоғары бағалайтын ағылшындардың өздері шарттар талаптарды әлсіздерге орындату үшін жасалады деген пікірлерін де ашық айтады. Десек те шартқа қол қою – қағаздағы жай формализм емес, заңдық салдары бар міндеттеме болып табылатынын естен шығармаған жөн. Кез келген құжат қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді. Сол себепті де келісімшартты үзіп-жарып, не «үстінен жай шолып шықтым» деген салғырттық пен еріншектік ешкімнен ешқандай жауапкершілікті алып тастай алмайды. Қол қоятын барлық құжатқа мұқият болу, толығымен оқу, түсінбеген тұсын сұрау, нақтылау, заңгерден кеңес алуға көп болса бірер минут артық уақыт кетер. Бірақ заңдық немқұрайдылық пен сауатсыздықтың салдары болашақта туындайтын мәселенің алдын алуға сеп болары сөзсіз.
Құқық тәжірибесінде осындай салғырттықтың салдарынан айға, тіпті жылға созылған сот дауы, өкінішке қарай аз емес. Шарттағы бір қарағанда түкке тұрғысыз болып көрінетін міндеттеме шындап келгенде үлкен жауапкершілік артуы мүмкін. Ал келісімшарт жасасу кезінде жиі жасалатын шамалы қате мен асығыстық айналып келгенде басыңызға бәле болып жабысуы да ғажап емес. Сондықтан шарт жасау мен құжатқа қол қоюға өте мұқият болған жөн.
Ал сіз ше, келісімшартты аяғына дейін оқисыз ба?