Ақылы жолмен жүру тарифі өзгере ме?
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда ақылы автомобиль жолдарымен жүру тарифтері өседі ме? Бұл сұраққа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев жауап берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Бүгінде бізде 2013 жылы енгізілген тарифтер қолданылады. Олар өскен жоқ және алдағы уақытта көтерілмейді. Мұндай мәселе қарастырылмайды. Тарифтердің көтерілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», деп атап өтті Берік Камалиев «Қазавтожол-Kaztraffic-2021» халықаралық көрмесінің ашылуында.
Айта кетсек, елордада «Қазавтожол-Kaztraffic-2021» халықаралық көрмесі басталды. Көрменің экспозициясы жол және аэродром жабындарын салу, жөндеу, күтіп ұстау бойынша заманауи технологияларды өндіру мен енгізуді жүзеге асыратын компаниялармен ұсынылған.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь, Украина, Германия, Франция, АҚШ кәсіпорындары қатысады. Түркия экспозициясы бөлек ұсынылады.